Фото: Sputnik / Владислав Воднев
«А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудан мектебінің директорынан Facebook желісіне жүктелген жарияланымды өшіру үшін 100 000 теңге талап еткен. Дәлірек айтсақ, бұл жазба директордың іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін еді.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.