Фото: caspiantoday.kz
Жауапты мекемелер 46 елді мекенді және 290 мың шаршы шақырымнан астам аумақты қамтитын ғарыштық мониторинг жүргізді.
Мониторинг 1 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Ал қыста спутниктен түсірілген суреттер бақылауға жарамсыз болып қалады.
Ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтау қаласында 11 ең аз қоқыс төгетін орын бар екені белгілі болды. Осы тізімде екінші орында - Жамбыл облысы, үшінші орында Алматы облысы тұр.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны бойынша Астана антирекорд орнатты. Елордада 206 қоқыс полигоны анықталды. Одан кейінгі орындарда - Ақмола облысы (69), Жаңаөзен қаласы (55) тұр.