Фото: Maqsut Narikbayev University
Maqsut Narikbayev University «Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2024» атты әлемдік рейтингіде сәтті дебют жасады. Университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қосқан үлесін бағалауда MNU лайықты нәтижелер көрсетті. Университет алғаш рет аталмыш халықаралық рейтингіге еніп, жалпы әлемдік тізімнің 1001-1500 аралығында көш бастады.
Атап өту керек, MNU БҰҰ ТДМ санатындағы «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» бағыты бойынша жоғары позицияларды еншілеп, әлемнің үздік 201-300 жоғары оқу орындарының қатарына кірді.
Университеттің БҰҰ ТДМ бағыттарындағы жетістіктеріне мыналар жатады:
- №8 ТДМ: лайықты жұмыс және экономикалық өсу - университет 401-600 аралығында;
- №5 SDG: Гендерлік теңдік - 601-800 диапазонындағы позицияда.
Maqsut Narikbayev University Провосты Сергей Пеннің айтуынша, университет бұл жетістікпен шектеліп қалмайды.
«Осымен қарқынымыз бәсеңдемейді және орнықты даму бағытында одан әрі дамуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл бағытта біздің MIND ғылыми-қолданбалы орталығымыз да белсенді жұмыс атқарып келеді. Ол әрбір ТДМ-ны сапалы зерттеулер мен аналитика арқылы нығайта түспек», деп атап өтті Сергей Пен.
Сонымен қатар жақында университеттің ресми сайтында БҰҰ-ның жаһандық мақсаттары аясында атқарған жұмысына арналған парақша пайда болады. Сайттағы осы парақша арқылы кез келген адам университеттің бастамалары мен жетістіктерімен таныса алады. Биылғы оқу жылы университеттің халықаралық деңгейде мойындалуы тұрғысынан ерекше жемісті болды.
Айта кету керек, биыл MNU QAA институционалдық аккредитациясынан өткен ТМД мен Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды. Бұл аккредитация университеттің білім беру сапасының жоғары стандарттары мен әлемдік масштабта мойындалуына ұмтылысын айқындайды.