Қазақстан • 14 Маусым, 2024

Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 маусымда Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант экспортының кейбір мәселелері туралы» бұйрығы күшіне енді. Ол Қазақстаннан қантты шетелге, оның ішінде ЕАЭО мемлекеттеріне экспорттауға ресми түрде тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

Фото: baq.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі бұл шектеу жаздың соңына дейін күшінде болатынын хабарлады. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы қанттың халықаралық транзитіне қолданылмайды. Мамыр айының басында бұл өнімді экспорттауға шектеу қою туралы шешім қабылданды.

«Жаз мезгілінде ішкі нарықта халық тарапынан да, өнеркәсіптік тұтынушылар тарапынан да қант тұтынудың артуы байқалады. Осыған байланысты ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның реэкспортын болдырмау мақсатында қант экспортына уақытша тыйым салынды»,  деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, қазір Қазақстанда қант қызылшасының жаңа өнімі піскенше ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті қант қоры бар. Сонымен қатар отандық қант зауыттары өндірісті қолдау үшін елдерден қамыс шикізатын импорттайды. ЕЭК шеңберінде Қазақстан үшін 2024 жылға арналған 300 мың тонна көлеміндегі қант шикізатын бажсыз әкелуге квота келісілді.

 


Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті