Қазақстан • 14 Маусым, 2024

Қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу мәселесі қарастырылады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламенттегілер қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесін қарауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу мәселесі қарастырылады

liter.kz

Мәжілісменнің айтуынша, қоғамда діни киім киюге тыйым салу мәселесі өзекті болып отыр.

«Енді біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүддесін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қоғамда қара киінген қазақтар көбейді. Бұл жағдай біздің ұлттық мүдделерімізге елеулі зиянын тигізеді», деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізіледі.

«Сондықтан біз, бір топ депутаттар, Парламенттің күзгі сессиясында осындай заң жобасын дайындадық, ол қабылданғаннан кейін қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Сонда біз діни киім (кию – шамамен) мәселесін қалай да реттейтін шығармыз», деп түйіндеді ол.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті