Қазақстан • 14 Маусым, 2024

ТМД елдерінің ішінде ең қымбат такси Қазақстанда – статистика

102 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда таксиде жолаушыларды тасымалдаудың ең жоғары тарифтері тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД елдерінің ішінде ең қымбат такси Қазақстанда – статистика

Фото: kapital.kz

Energyprom сарапшылары таксиге ең көп сұранысқа ие болған өңірлерді анықтады:

Батыс Қазақстан облысы – 3,8 млн адам;

Алматы – 3 млн адам;

Астана – 2,7 млн адам;

Қарағанды облысы – 1,4 млн адам;

Қостанай облысы – 1,3 млн адам.

Такси қызметі Жетісу (353,7 мың адам), Атырау (407 мың адам) және Алматы (422,2 мың адам) облыстарында ең аз пайдаланылған.

Жолаушылар айналымы 14,7%-ға төмендеп, 553,2 млн пкм құрады.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар қаңтар-сәуір айларында 2,8 млрд теңге кіріс алды. Құндық мәндегі кіріс өсімі 53,8%-ды құрайды.

2024 жылдың мамыр айының соңында такси қызметі бір жылмен салыстырғанда 11,7%-ға қымбаттады.

Такси қызметі Алматыда – 31,3%-ға, сондай-ақ Ақтөбе (22,1%) және Батыс Қазақстан (21,3%) облыстарында ең көп өсті. Такси қызметінің құны ең жоғары өскен бес аймаққа сондай-ақ Шымкент (16,9%-ға) және Ақмола облысы (13,5%-ға) кірді.

Бағаның ең аз жылдық өсімі Солтүстік Қазақстан (1%-ға), Жамбыл (1%-ға) және Маңғыстау (4,4%-ға) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (5%-ға) тіркелді.

Такси қызметтерінің құны бойынша әлемдік рейтиңде Қазақстан 73-ші орында. Елімізде такси қызметтерінің құны бір километрге 0,67 долларды құрады – бұл ТМД мемлекеттері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ал басқа елдергн келетін болсақ, бағалар келесідей бөлінді: Армения – 1 км жолға 0,28 АҚШ доллары, Өзбекстан – 0,29 АҚШ доллары, Украина – 0,3 АҚШ доллары, Беларусь – 0,31 АҚШ доллары, Ресей – 0,34 АҚШ доллары, Әзербайжан – 0,59 АҚШ доллары.

Әлемдегі ең төмен такси тарифтері Египетте, Филиппинде және жоғарыда аталған Арменияда, ең жоғарысы Швейцарияда, Люксембургте және Кувейтте.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті