17 Қаңтар, 2015

«Астана арландары» Венесуэла құрамасын 5:0 етіп ұтты

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-01-15-astana_arlans-1

АСТАНА. 17 қаңтар. Бүгін «Астана Арланс» Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында «Касикес Венесуэла» командасын қабылдап, 5:0 есебімен талқандап шықты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Осымен серияның бесінші маусымы басталды. Шаршы алаңдағы шайқастар шымылдығын әдеттегідей 49 килоға дейінгі былғары қолғап шеберлері ашты. Онда қазақстандық Мардан Берікбаевтың әріптесі Йоэль Сегундо Финол Ривасты ұтқанына ешкімнің күмәні болған жоқ. Нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті біздің боксшыға берді. Бұдан кейін 56 килоға дейінгі салмақтағы Мейірболат Тойытов венесуэлалық Хосе Висенте Диас Азокарды емін-еркін ұтты. Ол қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Алайда, Хосе орнынан тұрып, ұрысқа қайта кірісті. Ол екінші раундта да төтеп берді. Ал Мейірболат ұрысты мерзімінен бұрын аяқтауға күш салды. Дегенмен, шайқас соңына дейін жетті. Бұл «Астана арланс» ұланының 3:0 есебімен басым түсуіне кедергі бола алмады. Командаға үшінші жеңісті 64 килодағы Самат Бәшенов әперді. Ол да Луис Мартин Аркон Диаспен ұрысын айқын басымдықпен аяқтады. Осы жеңісті жолдарды 75 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Мейірім Нұрсұлтанов әдемі жалғастырды. Біздің боксшы Хуан Карлос Родригес Патиноны техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Ал ең соңында 91 килоға дейінгі салмақтағы Василий Левит те қарсыласы Альфонсо Хосе Флорес Милланды техникалық нокаутпен ұтып, кездесудің соңғы нүктесін қойды. Дамир Қожамқұл. Дерек, сурет: vesti.kz.