ПЕТРОПАВЛ.19 қаңтар. Солтүстік Қазақстанның Мамлют ауданына қарасты Воскресенка ауылының 30 жастағы тұрғынын өлім аузынан төтенше жағдай қызметкерлері мен шекарашылар құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрші ауылдан жем алып келуге кеткен жігіттің орта жолда тракторы істен шығып, ақ түтек боранда қалып қояды. Денесін аяз қарып, аяқ-қолы жаурай бастайды. Кабинада отқа жағып, жылынбақ болып күйіп те қалады.
Оның кешікккенінен секем алған туыстары дабыл қағып, шекарашылар бекетінен жәрдем сұрайды. Алайда із, кесу сәтсіз аяқталады. Тек ауданнан жедел жеткен төтенше жағдай қызметінің өкілдерімен бірлесіп, ауылдан 12 шақырым жерде сынып қалған трактор мен иесін іздеп табады.
«Трактор бұзылғаннан кейін бакта қалған жанармайға біраз жылынып отырдым. Ол таусылған соң аяқ-қолым әбден қатып қалды. Өмірден түңіліп, асылып өлгім келді. Құтқарушыларға алғысым шексіз. Көрер жарығым бар екен», дейді Ресей мен Қазақстан арасындағы шекарадан таяқ тастам жерде адасып кеткен Бақыт Ахметов. Қолы күйіп, денесінің үсік шалғанын елер емес, дін аман оралғанына қуанышты.
Қыс кәріне мінгелі облыс құтқарушылары мен шекарашылар 900-ден астам адамды, 300-ге жуық техниканы қар құрсауынын құтқарған.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: news.nur.kz.

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 14:50
Алматыдағы қайғылы оқиға: Сотта жол апатының бейнежазбасы көрсетілді
Оқиға • Бүгін, 14:35
Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына да зейнетақы төленеді
Қаржы • Бүгін, 14:16
Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41