Саясат • 14 Маусым, 2024

Сауда қатынасы беки түседі

103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісімінің (TIFA) 15-кеңесі өтті.

Сауда қатынасы беки түседі

Фото: primeminister.kz

Қатысушы алты елдің – Қазақстан, АҚШ, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және Тәжікстан өкілдері TIFA аясында сау­да және инвестициялық қаты­­настарды кеңейту және әр­тараптан­дыру келешегін талқылады.

Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Вице-премьер жаһандық экономикалық тұрақсыздық, санкциялар, сау­да қарама-қайшылықтары және жаһандық жеткізу тіз­бектеріндегі іркілістер жағ­дайында бүгінгі TIFA отырысы «сағаттарды салыстыру» және экономикалық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша алдағы басымдықтар­ды белгілеу үшін практика­лық платформа қызметін атқара­тынын атап өтті.

«Өңірдің ең ірі экономи­касы­ның бірі және ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстан TIFA плат­формасының екіжақты ғана емес, сонымен қатар өңірлік сау­да қатынастарын нығайтудағы жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Биыл TIFA Орталық Азия аймақтық кеңесінің отырысын өткізу – өңірлік ынтымақтастық пен тұрақтылықтың үдемелі дамуының тағы бір дәлелі, бұл – Батыс пен Шығыстың жаһандық нарықтарын бірік­тіру арқылы әлемдік экономиканы тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады», деп атап өтті Серік Жұманғарин.

АҚШ-тың сауда өкілі, елші Кэтрин Тай өз кезегін­де TIFA елдері экономикасы­ның тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді бірге үйлестіру қажеттігін атап өтті.

«Орталық Азия АҚШ үшін өте маңызды экономикалық және стратегиялық серіктес болып қала береді. Біз сон­дай-ақ климаттың өзгеруін, технологиялық және ин­дустриялық прогрестің салдарымен бетпе-бет келіп отырмыз. Тұрақтылығы тұрақты эко­номикалық өсуді қам­тамасыз ететін дәстүрлі жет­кізу тізбегін дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеу керек. АҚШ сондай-ақ тауар айналымының сапасын арттыруға, автомобильдер мен жартылай өткізгіштер өндірісіне қажетті маңызды металдарды жеткізу­ге мүдделі», деп атап өтті Кэтрин Тай.

TIFA кеңесінің қатысу­шылары жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыру және экономиканы әртараптандыру үшін қажетті жаңа сауда жолдарын әзірлеу мәселелерін талқылады.