Фото: Ведомство. Телеграм
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушар» мекемесі биыл 790 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқабын суаруға 12 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 7,3 млрд текше метрі оңтүстік өңірдің егістіктеріне жұмсалады.
Кәсіпорын филиалдары биыл егіншілермен су беру бойынша 18758 келісімшарт жасаған, бұл – былтырғыдан 32%-ға артық.
Суару маусымына дайындық шеңберінде 83 гидробекет қалпына келтірілген. Сонымен қатар 775 гидробекет аттестациядан өтті.
«Кәсіпорын филиалдары арнайы су пайдалануға рұқсат алды, су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді, суару желілеріне вегетацияға дайындық шеңберінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Еліміздегі суармалы алқаптың негізгі бөлігі оңтүстік өңірлерге тиесілі, бұл кәсіпорын арналары арқылы суарылатын егіс алқаптарының шамамен 97%-ы», деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.