Оқиға • 17 Маусым, 2024

«Тамағына пышақ сұққан»: Павлодарда кісі өлтірген адам ұсталды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы Мүткенов көшесінде болған оқиға бейнекамераға түсіп қалып, жергілікті тұрғындардың үрейін туғызды. Видео кадрларында қолында салқын қаруы бар ер адам екінші адамды пышақтағаны бейнеленген, деп жазады Egemen.kz.

«Тамағына пышақ сұққан»: Павлодарда кісі өлтірген адам ұсталды

видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, ер адам белгісіз себеппен бөтен адамның тамағына пышақ сұғып, кейін орындыққа жайбарақат отырған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Облыстық полиция департаменті күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті Павлодар қаласының полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ыбыраев.