Фото: freepik
Үкімет қаулысының жобасында Туризм индустриясы комитетін қайта құру көзделген.
«Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрамынан Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылсын», делінген құжатта.
Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу жөніндегі жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шеше алады. Қаулы жобасының салыстырмалы кестесінде Президенттің 30 мамырдағы қаулысын іске асыру мақсатында жаңа комитет құрылып жатқаны айтылған.