Қылмыс • 18 Маусым, 2024

Германияда жоғалған Қазақстан азаматының мәйіті табылды

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы туралы ақпарат жария болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияда жоғалған Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды.

- Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды. Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр, - деді СІМ-нің баспасөз қызметі.

ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды.