Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 18 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 18 маусымда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе қ.: 18 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 18 маусымда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысы
Күндіз Абай облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сакталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Семей қ.: 18 маусымда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысы
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 18 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 18 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 18 маусымда солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 18 маусымда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қ.: 18 маусымда кей уақыттарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 18 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 17 м/с. Қонаев қ.: 18 маусымда күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі.