Фото: qazradio.fm
Қырғызстанмен шекарадағы «Қарасу» фитосанитарлық бақылау бекетінде шиеден сынама алынған. Зертханалық сараптама қорытындысында 900 келі шиеден азиялық жидек дрозофиласы табылды.
Министрлік жеуге жарамсыз өнімдер экс порттаушы елге қайтарылғанын хабарлады.
Айта кетейік, азиялық жидек дрозофиласы жүзім, құлпынай, шабдалы, өрік, шие, таңқурай және т.б. жеміс-жидек түрлерін зақымдайды.