Жекпе-жек • 18 Маусым, 2024

Асудың UFC-дегі үшінші жеңісі

66 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қала­сында өткен UFC on ESPN 58 тунирінде қа­зақтың қос саңлағы өнер көрсетті. Олар – Асу Ал­ма­баев пен Сайран Нұр­данбек.

Асудың UFC-дегі үшінші жеңісі

Жамбыл облысының тумасы Асу Алма­баевтың осы спорт түрін серік еткелі 11 жыл­дан асты. Аса жеңіл сал­мақта сынға түсіп жүрген 30 жас­тағы сақа спортшы сол кезден бері 21 мәрте айқас ала­ңына шығып, 19 рет жеңіске жетті. 12 қарсыласын айқын ба­сымдықпен ұтты. Асу үшін тек 2017 жыл сәтсіз болды. Сол кезде қазақ файтері Махачкалада да­ғыстандық Тагир Ұланбеков пен Алматыда әзербайжандық Мех­мад Мәмедовке есе жіберді. Есесіне содан кейінгі жылдары ол жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Былтыр Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды. 5 тамызда қандасымыз ямайкалық Оди Осборнды қыл­қындырып тастаса, биыл 9 нау­рызда америкалық Си-Джей Вейгараны ұпай санымен ұтты.

Әлемнің ең үздік промо­у­ше­ніндегі үшінші жекпе-жегін Асу АҚШ спортшысы Хосе Джон­сонға қарсы өткізді. Оның шер­догі – 24 жекпе-жек, 16 жеңіс, 8 же­ңіліс. Бұл бәсеке бары­сында қос файтердің де айқын жеңіске жетуіне мүмкіндігі болды. Бірақ қолайлы жағдайды екеуі де ұтым­ды пайдалана ал­мады. Де­сек те үш раундта да қа­зақтың ба­сымдығы анық бай­қалды. Тіп­тен соңғы секундтарды біздің жігіт Джонсонды қылқындырып тас­тауға шақ қалды. Алайда бел­гіленген уақыт жетпеді. Айқас аяқ­талғаннан соң, барлық төреші Асу Алмабаевтың мық­тылығын бірауыздан мойындады.

Ал Сайран Нұрданбектің (20-9, 14 КО) бұл жолы да жолы бол­мады. Ол үшінші раундта бра­зилиялық Милкуизаэль Коста­ның (20-6, 13 КО ) «қыл­қындыру» әдісіне түсіп қалды. Сөйтіп, Қы­тайда туып-өскен 30 жастағы қандасымыз UFC-де қатарынан екінші рет жеңіліс тапты.