Фото: azertag.az
Мамандардың мәліметінше, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді.
«Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады», делінген хабарламада.