Футбол • 20 Маусым, 2024

Жеребе тартылды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуролиганың 2024-2025 жылдардағы маусымның жеребесі тартылды. Осы жарыстардың бірінші кезеңінде Қазақстанның үш командасы бақ сынайды.

Жеребе тартылды

Фото: sportplustv.kz

УЕФА Чемпиондар лига­сындағы тұсаукесер кездесуін «Ор­дабасы» Молдованың «Петро­кубына» қарсы өткізеді. «Хын­чешть» деп аталатын небәрі 12,5 мың тұрғыны бар қалашықта іргетасы қаланған ұжым аталған мемлекеттің суперлигасында

2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол аралықта ел бірін­ші­лігінде екі рет күміс және үш рет қола медальді иеленді. Былтыр бас жүлдені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ «Петрокубтың» Молдова кубогінің иегері деген атағы бар. Алғашқы ойын Шым­кентте (9 немесе 10 шілдеде), екіншісі Хынчештьте (16 немесе 17 шілдеде) өтеді.

УЕФА Еуропа лигасындағы «Тобыл» Словакияның «Ружом­берогымен» сайысқа түседі. Олар – өз елінің 2006 жылғы чем­пионы, 2022 жылғы күміс және 2001, 2004, 2017, 2019 жыл­дардағы қола жүлдегері. 2006 жылы Словакия кубогін ол­жалады. Қостанайлық клуб бі­рінші бәсекені сыртта, екінші­сін өз алаңында өткі­зеді. Кон­ференция лигасындағы «Ақ­төбенің» қарсыласы – «Са­раево».  Олар Югославия чем­пионатын екі, Босния мен Герцеговина бірін­шілігін бес мәрте ұтты. Ел кубогі жолындағы додада жеті рет дара шықты. Бұл ойындар 11 мен 18 шілде күн­дері өтеді деп жоспарланып отыр. Ал «Астана» бұл турнирді екінші кезеңнен бас­тайды.