Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 12-19 маусым аралығында өткен жарыста жасөспірім «14 жасқа дейінгі» категория бойынша сынға түсті. 63 шахматшыны біліктілігімен басып озған Эдгар Мамедов былтыр да жедел шахматтан (рапид) Азия чемпионатына қатысып, үздік нәтиже көрсеткен. Бірақ биыл жасөспірім классикалық шахмат бойынша бақ сынады. Шахматшының анасы Гүлнар Мамедова ұлына қолдау көрсеткен жандарға алғысын айтты.
«Чемпионатқа Азияның 34 елінен 63 шахматшы қатысты. Бұл сайыста да Эдгар өзінің шеберлігін көрсете білді. Ұлымды мақтан тұтамын. Сайыс қорытындысы бойынша алты жеңіс пен үш «тең нәтиже» көрсетіп, 9 – дан 7½ ұпай жинады. Менің ұлыма үнемі қолдау көрсетіп отыратын Ақтау қаласы әкімдігіне, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, жаттықтырушыларға алғысымды айтамын», деді шахматшының анасы Гүлнар Мамедова.
Қазақстанның он дүркін чемпионы, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионы Эдгар Мамедов осы жылы халықаралық шебердің үшінші нормасын орындап, ФИДЕ рейтингісін 2405 пунктке дейін көтерген. Сондай-ақ 13 жасында ол гроссмейстердің бірінші нормасын орындаған.