Фото: axbor.sorbon.ru
Өкінішке қарай, жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап кеткен балалар саны өсіп келеді.
«Мәселен, 2023 жылы - 59, ал 2024 жылдың 4 айында - 14 қайғылы жағдай болған. Бұл қорқынышты сандар құр статистика емес. Әрбір оқиғаға үңілетін болсақ, алдын алуға болатын шынайы трагедия жатыр. Біз сіздерден терезелерге арнайы бұғаттағыштарды орнатуды сұраймыз. Қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден құлап кетуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Үйіңіздің терезелері жабық тұрғанына және бала үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіздер», деп жазды Насымжан Оспанова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол балаларды әр түрлі оқыс оқиғалардан қорғау - үлкен жауапкершілік екенін еске салды.