Білім • 20 Маусым, 2024

Шетелде Қазақстан университеттерінің филиалдары ашылады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін, 20 маусымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелде Қазақстан университеттерінің филиалдары ашылады

Фото:24tv.ua/education/ru.

Ведомство басшысының айтуынша, Бішкекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы жұмыс істейді. Жақын арада Ресейде отандық ЖОО-ның тағы бір филиалы ашылады.

«Біздің  Ресейдегі қандастарымыздан, әсіресе Орынбор, Омбыдан үлкен сұраныс бар екені байқалды. Осы жылдың басында мен Мәскеуде болдым, онда Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрімен келіссөздер жүргіздім. Мәселе ақыры шешілді, Омбы мемлекеттік университетінің базасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылады.  Бұл Ресейдегі алғашқы толыққанды филиал болмақ», деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр дәл осындай келіссөздер Қытай тарапымен де жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті