Бюджет • 21 Маусым, 2024

Өткен жылы бюджетке 19 трлн теңге түскен

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің қалай атқарылғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өткен жылы бюджетке 19 трлн теңге түскен

Фото: gov.kz

Оның сөзінше, 2023 жылы ішкі жалпы өнім 5,1%-ға өскен.

«Жылдық инфляция деңгейі 2 есеге төмендеп, 9,8% көлемінде тұрақталды. Жалпы бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнім 2,6%. Мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге 22,8%-ға жетті. Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9%-ға орындалып, бюджетке 19 трлн теңге түскен», деп айтты министр отырыста.

Қаржы министрінің мәліметінше, бюджеттің шығыстары 99,6% атқарылып, 22,4 трлн теңгеге жетті. Игерілмеген қаражат 73 млрд теңге болса, Үкімет резервін қоса алғанда 27 млрд теңге үнемделді.

Сонымен қатар былтыр Ұлттық қордың активтері 13,4%-ға ұлғайып, 60 млрд долларға жеткен.