Энергетика • 21 Маусым, 2024

Өзбекстанның Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Қазақстан шекарасына жақын АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанның Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді

Фото: elements.envato.com

Мирзамахмудовтың айтуынша, салынып жатқан атом электр станциясының радиусында Қазақстанға қарағанда Өзбекстан халқы көбірек шоғырланған.

«Бұл біз үшін де өте маңызды. Барлық қауіпсіздік шаралары және алаңды орналастыру бойынша барлық тиісті халықаралық талаптар сақталады. Сондай-ақ МАГАТЭ миссиясы да дайындықты зерттеді. Ол барлық іс-шаралар халықаралық талаптарға сәйкес келетінін растады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – атом электр станциясын салудағы ең маңызды басымдық», деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Журабек Мирзамахмудов алаңның Қазақстанның жанында әдейі таңдалмағанын, тек АЭС құрылысының талаптары - сейсмикалық, инфрақұрылым және МАГАТЭ-нің барлық талаптары негізінде таңдалғанын атап өтті.