Оқиға • 21 Маусым, 2024

Екібастұздағы «Восточный» көмір кенішінде өрт шықты

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұздағы «Восточный» кенішіндегі өртті сөндіруге алты сағатқа жуық уақыт кетті. Онда жүк көтергіш конвейер өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздағы «Восточный» көмір кенішінде өрт шықты

Фото:Видеодан алынған кадр

Өрт конвейердің жұмыс істеп тұрған және тоқтап тұрған екі тармағынан шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

«20 маусым күні сағат 14:45-те «Восточный» кенішінің №2 тау-кен учаскесінің жүк көтергіш конвейер лентасының учаскесінде өрт шықты. Өрт сағат 16:00-де оқшауланып, 20:40-та сөндірілді. Оқиға орнында үш техника мен 12 адамнан тұратын PVASS бөлімшелері жұмыс істеді. Өрт сөндіруге «Восточный» кенішінен екі су тасушы көлік, өрт сөндіру бригадасы жіберілді», деп хабарлады «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті 

Соңғы жаңалықтар