Пікір • 22 Маусым, 2024

Сала мүддесін қорғайтын институт қажет

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі алмағайып тұста медиа кеңістіктегі ақпараттың бұр­малануы, фейк, манипуляциялық деректердің жиі көрініс табуы журналистің міндетін, қоғам алдындағы жауап­кер­шілігін күшейте түсті. Әрі кәсіби журналистика түрлі ки­бер­қыл­мыс, өшпенділік сипаттағы деректердің кең етек алуынан, цифрлық технология есебінен кедергілерге ұшырап отыр.

Сала мүддесін қорғайтын институт қажет

Тілшілік тірлікте қауіп көп. Сондықтан демократиялық елдерде азаматтық қоғамның рөлі жеке адамның құқықтарын және кәсіби мүдделерді қорғауда маңызды. Сол секілді, журналистердің мүддесін толық жеткізе алатын, қорғай алатын өз алдына институт қажет. Бұл ретте жаңа заң аясында журналистердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәуелсіз қауымдастықтың құрылуы туындаған проблемаларды жедел шешуге және мемлекетпен бірлесіп журналистердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету тетіктерін жедел әзірлеуге мүмкіндік береді.

Әсіресе төтенше жағдай тұсында жур­налистің өмірі қыл үстінде болады. Осы тұста құжат аясында әр жұмыс орны әлемдік жетекші БАҚ тәжірибесіне сай қажетті қорғаныс құралдарымен қам­та­масыз етуге міндеттелгені құптарлық іс.

Сондай-ақ құжат негізінде енді мемлекеттік емес БАҚ құралдарына гранттар беру, БАҚ-тағы материалдарға талап қою мерзімі, БАҚ сұрауларының бес күннен жеті күнге дейін қарау тәртібі, журналистердің Әдеп кодексін бекіту туралы өткір мәселелер өз шешімін табады. Оған қоса суицид жасау тәсілдері, суи­цидке шақыру туралы ақпарат тара­туға тыйым салынады. Шетелдік БАҚ-тың өкілдіктері мен олардың жур­на­лис­те­рін аккредиттеу тәртібі де жетіл­ді­рілді.

Мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдар­ла­маларды тарату және отандық контент көлемі бойынша талаптарды 2025 жылдан бастап – 55, 2027 жылдан бастап теле-ради­бағдарламалардың жалпы көлемін 60 пайызға ұлғайту көзделген. Сәйкесінше, отан­дық теле-радио арналарда шетелдік теле-радио бағдарламаларын ретрансляция­лау көлемі 20-дан 10 пайызға дейін төмендетілді.

 

Қанат ӘУЕСБАЙ,

филология ғылымдарының кандидаты, журналист