Спорт • 23 Маусым, 2024

Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының оныншы ойын күні, 23 маусымда үшінші тур ойындары басталады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Еуропа чемпионатында қай құрамалар ойнайды

Бүгін Еуропа додасында қай құрамалар ойнайдыФото: mainsport.ru

А тобында Швейцария мен Германия ойнайды.

Кездесу Франкфурт қаласындағы "Дойче Банк Парк" стадионында болады.

Екі құрама бұған дейін 36 мәрте кездесті. Швейцария 8, Германия 21 мәрте жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Аталған топтағы тағы бір кездесу Шотландия мен Венгрия арасында болады.

Кездесу Штутгарт қаласындағы "Мерседес-Бенц-Арена" стадионында болады.

Қазірге дейін құрамалар 9 мәрте кездесіп, 3-де Шотландия, 4-де Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Ойындар Қазақстан уақытымен 00.00-де "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы турда Германия Шотландия 5:1, Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен жеңді.

Екінші турда Германия Венгрияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Шотландия мен Швейцария 1:1 есебімен тең ойнады.