Білім • 24 Маусым, 2024

Елорда колледждеріне құжат қабылдау науқаны басталады

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымнан басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда колледждеріне құжат қабылдау науқаны басталады

фото: ult.kz

Құжаттарды қабылдау қағаз түрінде тікелей колледжде (25 маусымнан 1 шілдеге дейін) ұйымдастырылады. 1 шілдеден бастап құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы жалғасады.

Құжат тапсыру кезінде 4 колледжге дейін және 4 мамандыққа дейін таңдау беріледі. 

Конкурс Білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің бағаларын орташа конкурстық балл бойынша бөлу жолымен автоматтандырылған түрде өткізіледі.

Педагогикалық мамандықтар, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу және конкурсқа рұқсат алу қарастырылған.

Квота санаты үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет (1, 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және олардың тәрбиеленуші отбасылары, ауыл жастары, жетім балалар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар және т.б.).

Жұмысшы біліктіліктеріне (аспаз, күтуші, кондитер, тігінші, дәнекерлеуші, шаштараз және т.б.) және мақсатты мемлекеттік тапсырысқа колледжге әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстан тыс 25 тамызға дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар