Экономика • 24 Маусым, 2024

Халықтың коммуналдық қызметтерге қарызы 150 миллиард теңгеден асты

87 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтерге берешегі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықтың коммуналдық қызметтерге қарызы 150 миллиард теңгеден асты

Фото:uralskweek.kz

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың мамыр айының соңында жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерге берешегі 150,6 млрд теңгеге жетті:

  • электр энергиясына – 10,1 млрд теңге (2024 жылдың басына 11,3 млрд теңге);
  • орталықтандырылған жылытуға – 26 млрд теңге (8,7 млрд теңге);
  • газбен жабдықтауға – 92,2 млрд теңге (85,6 млрд теңге);
  • сумен жабдықтауға – 20,2 млрд теңге (3,8 млрд теңге);
  • су бұруға – 2,1 млрд теңге (1,7 млрд теңге).

Заңды тұлғалардың қарызы 241,2 млрд теңгеге жетті:

  • электр энергиясына – 161,7 млрд теңге (2024 жылдың басына 37,8 млрд теңге);
  • орталықтандырылған жылытуға – 17,4 млрд теңге (10,8 млрд теңге);
  • газбен жабдықтауға – 54,4 млрд теңге (59,1 млрд теңге);
  • сумен жабдықтауға – 4,5 млрд теңге (2,8 млрд теңге);
  • су бұруға - 3,2 млрд теңге (2,1 млрд теңге).

Коммуналдық қызметтерге берешегі бар өңірлер:

  • Электр энергиясы қызметтері: Маңғыстау (116,1 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (18,1 млрд теңге) және Түркістан (7,5 млрд теңге) облыстары.
  • Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету қызметтері: Маңғыстау (17,2 млрд теңге), Қостанай (7 млрд теңге) облыстары және Астана қаласы (3,4 млрд теңге) көшбасшы болды.
  • Газбен жабдықтау қызметтері: Алматы қаласы (113,88 млрд теңге), Маңғыстау (21,7 млрд теңге) және Ақтөбе облысы (7 млрд теңге).
  • Сумен жабдықтау қызметтері: Маңғыстау (17,5 млрд теңге), Қарағанды (1,47 млрд теңге) және Қызылорда (870,5 млн теңге) облыстары.
  • Су бұру қызметтері: Қарағанды (943,8 млн теңге), Абай (938,7 млн теңге) облыстары және Астана қаласы (651,56 млн теңге) қарыздары бойынша антилидерлер қатарынан көрінді.