Ауа райы • 25 Маусым, 2024

25 маусымға арналған ауа райы болжамы

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 25 маусымда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: asia24.media

«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстан территориясында найзағай, жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста дауыл тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі», делінген хабарламада.

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде де аптап ыстық болады. 

Ақтөбе, Алматы, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар, Атырау облыстарында жоғары өрт қаупі бар. 

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар