Фото: Euronews
Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар, жазғы ойындарға 45 спортшы бірінші рет қатысады.
Жолдаманың ең көбін боксшыларымыз (10 лицензия) жеңіп алған.
Париж-2024-ке баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу), ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
Бұған дейін жүлде алғандар: Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев.
Ең көп жүлде иегері Елдос Сметов – Рио және Токио Олимпиадаларында жүлдегер болған.
17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо) ең жас спортшы болса, ең егде спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу).
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жеткен жоқ.
Естеріңізге салайық, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.