Оқиға • 25 Маусым, 2024

Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 маусымға қараған түні Ақмола облысында орналасқан кәсіпорынның бірінен сейф ұрланды, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды

Видеодан алынған кадр/polisia.kz

Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлері отыратын кабинетінің есігін бұзып,  металл сейфті қолды еткен. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда  бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған», деді кәсіпорын басшысы.

Қаскүнемдер сол күні ұсталып, ұрлық бір күнде ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024