Neo Science Olympiad – оқушылардың ғылым саласындағы білімін арттыруға бағытталған беделді жаһандық іс-шара. Платформа балаларға бәсекеге қабілеттілік және әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешу дағдыларын дамытуды көздейді, сондай-ақ түрлі мемлекеттен жиналған замандастарымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Олимпиада қатысушылары кодтау, математика және ғылым бағыттары бойынша бақ сынасты. Жарыстың қорытындысы бойынша Ернар coding final, coding Grand final, AI challenge санаттарында үш алтын медаль, science бағыты бойынша күміс медаль еншіледі.
Маусым айында Нью-Йоркте ұйымдастырылған олимпиаданың финалдық кезеңінде АҚШ, Австрия, Босния және Герцеговина, Германия, Косово, Литва, Филиппин, Қатар, Румыния, БАӘ, Вьетнам және басқа да елдерден келген қатысушылар бақ сынады.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Ернар олимпиаданың бірінші онлайн кезеңінен сәтті өтті. Coding санатында бірінші орынды иеленіп, Австрия мен Өзбекстан өкілдерімен бірге үздік үштік қатарына енген еді.