Аймақтар • 27 Маусым, 2024

Тәлімі мол экспедиция

95 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Назарбаев Зияткерлік мек­тептерінің ұйымдасты­руы­мен 2012 жылдан бері тұ­рақты жүзеге асып келе жат­қан дәстүрлі «Туған елге тағ­зым» экспедициясы биыл Ақтау, Семей, Қарағанды, Түр­кіс­тан, Көкшетау, Өскемен және Павлодар қалаларында жалғасты. Экспедициямен Маң­ғыстау өңіріне келген Павлодар, Қызыл­орда және Орал қала­сындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Маңғыстаудың әсем таби­ғатын тамашалап, тағылымды тарихына қанықты. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен зерттеу ба­ғытындағы аталған өлкетанулық экспедициясына 74 оқу­шы қатысты.

Тәлімі мол экспедиция

Ақтаудағы Назарбаев Зият­керлік мектебі баспасөз қыз­меті­нің хабарлауынша, жоба аясын­да экспедициялық топ Маң­ғыс­тау өлкесіне тән флора мен фауна ерекшелігімен, тари­хы және тұрмыс-мәде­ниеті­мен, ин­новациялық нысандары және архитектуралық құры­лыста­ры­мен жіті танысты.

енг

Оқушылар алдымен Қаби­болла Сыдиықов атындағы Маң­ғыстау облыстық кітапхананы аралап, кітапхана құрылысымен, өлкетану бөліміндегі кітаптар жайында ақпарат алды, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы атын­дағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады. Бір аптаға созылған экспедиция аясында оқушылар Маңғыстау облысының өндірістік әлеуетімен ете танысу, ақпарат алу үшін Ақтаудағы өнеркәсіп орындарына – «KazFruit» азық-түлік сақтау базасына, «Ақтау түйеқұс» фабрикасы, «Kazakh Osseter» компаниясына саяхат­тады. Со­нымен қатар жас зерт­теушілер Қазақстандағы кешенді өнеркәсіп орындарының бірі, аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жал­ғыз кәсіпорын «ҚазАзоттың» және жол битумын өндіруге бағытталған «Caspi bitum» мұнай өңдеу зауыты­ның жұмысымен танысты. Сондай-ақ өңірдегі іргелі оқу ордасы Шахмардан Есенов атындағы КМТИУ Әскери-теңіз акаде­мия­сымен танысып, соң­ғы техно­логиямен жабдықталған оқу орнына қызығушылық та­ныт­ты. Оқушылар Маңғыстаудағы ­ХІІ-ХVІІ ғасырларға жататын діни сәулет ескерткіші саналатын Қара­ман ата жер асты мешітіне ба­рып, діни зиярат орнында ата-баба рухына тағзым етті. Құпия­сы әлі ашыл­маған орындар­дың бірі «Торыш» шатқалына ба­рып, тарихы миллион жылдан асатын шат­қал­ды, табиғаттың ерекше үлгі­сі – «Ақеспе» алқа­бын тамашалады.

Қазақ даласының көрікті кел­бетін өз көздерімен көріп, ел мен жер тану, отансүйгіштік сезі­мін шыңдау жолында оқушылар үшін арнайы экспедиция ұйым­дас­тырған Зияткерлік мектептер жобасының жас буын үшін берері мол болмақ.

 

Маңғыстау облысы