Оқиға • 27 Маусым, 2024

Өзіне оқ атқан полицей ауруханада жан тапсырды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ғимаратында оқ жарақатын алған полиция қызметкері ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзіне оқ атқан полицей ауруханада жан тапсырды

Фото: gov.kz

24 маусым күні БҚО ПД ғимаратында полиция қызметкері абайсызда өзіне оқ атып жібергені белгілі болды.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 21 жастағы азаматты облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер екі тәулік бойы жас жігіттің өмірі үшін күрескен. Алайда ол есін жимай, ауруханада қайтыс болды.

«Науқас 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.