Фото: Ақорда
Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында туған. 1979 жылы сондағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің табалдырығын аттады. 1989 жылы Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебін тәмамдады.
1990-95 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, республикалық басылымдардағы қызметін бастады. Студент кезінен Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған ол, кейін «Жас алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі» газеттерінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Қазір «Egemen Qazaqstan» газетінде аға тілші қызметін атқарады. «Оқырман күткен әңгіме» атты кітаптың авторы.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.