Президент • 27 Маусым, 2024

Президент БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
2. «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
3. «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
4. «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
2. «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
3. «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
4. «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
2. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;
3. «Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
4. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында марапатталған азаматтар арасынан «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев, Павлодар облысы «Ирбис» телеарнасының тілшісі Елена Белоградова және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері Ақерке Бектас сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25