Фото:Polisia.kz
Бәйтерек ауылының тұрғындары 102 арнасына хабарласып 5 жасар қыздың жоғалып кеткенін мәлімдеген. Бүлдіршіннің ата-анасы, туыстары төңіректі түгел қарап шыққан. Нәтиже болмағасын, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.
«Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Ауыл ішін аралау нәтиже бермеген соң, полицейлер іздестіру аумағын кеңейтті. Нәтижесінде жоғалған қыз бала Жезқазған-Петропавл тасжолында Подгорное ауылы бағытында шамамен үйден 5 шақырым жерде табылып, аман-есен ата-анасына қайтарылды», деп хабарлады полиция.