Әлем • 28 Маусым, 2024

Дағыстандағы террорлық шабуылды ұйымдастырушы белгілі болды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Дағыстан Жоғарғы соты Махачкала мен Дербентке жасалған қарулы шабуылды Республикадағы Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың 31 жастағы ұлы Осман Омаров жасағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz РИА новости ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Дағыстандағы террорлық шабуылды ұйымдастырушы белгілі болды

Фото: ria.ru

«Содырлардың сыбайласы Омаров құрған топқа қосылды. (...) Осыдан кейін қылмыстық топтың қатысушылары Дағыстан Республикасының аумағында террористік актілер жасауға дайындала бастады. Осман Омаров серіктестерінен оны топтың жалғыз көшбасшысы деп тануды және оған ант беруді талап етіп келген», делінген Дағыстан Жоғарғы сотының хабарламасында. 

Сот қарулы топтың басшысы мен басқа да мүшелері қамауға алынғанын мәлімдеді.  

Айта кетейік, 23 маусым күні Дағыстанның Дербент және Махачкала аймағында қарулы топ православие шіркеуі, синагога мен полиция постына шабуыл жасап, 21 адам қаза тапты. Ал 40 адам зардап шекті. 

Осыған байланысты Дағыстан аумағында 24, 25, 26 маусым аза тұтылды.