Аймақтар • 28 Маусым, 2024

Танысының атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Зеренді ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, оның атына банктен 2 млн теңге шамасында заңсыз несие рәсімделгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Танысының атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Фото: azattyq.org

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 48 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, күдікті 2023 жылдың желтоқсан айында жәбірленушіге алкогольдік ішімдік беріп, оны көлікпен облыс орталығына апарған.

Көкшетауда күдікті жәбірленушіге банк филиалдарының бірінде бірлескен несие алу ұсынған. Күдіктіге жәбірленушіден тек бір селфи қажет болған. Алайда кейінірек ол жәбірленушіге  банктік несие мақұлданбағанын айтып, сендірген.

Аталған фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.