Оқиға • 02 Шілде, 2024

Полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда патрульдік полицейлер 4-ші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды

Фото:orda.kz

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, Рысқұлова даңғылындағы жатақханалардың бірінде мас ер адам 4-ші қабаттан секірмек болған.

«Оқиға орнына «Буран-175»  және «Буран-170» патрульдік бригадалары келді. Мән-жайды зерттеген полицейлер, терезедегі адамды әңгімеге тарта бастады. Осы уақытта инспекторлардың бірі ыңғайлы сәтті таңдап, ер адамның мойнынан ұстап, оны бөлмеге сүйреп апарды. Қатысушының мас болғаны анықталды. Ол отбасылық мәселелерге байланысты шарасыз осы іс-әрекетке бел буғанын айтты», деді Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, әрі қарай тергеу үшін Жетісу ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

«Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің объективті себептері анықталып жатыр», деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.