Фото: Видеодан алынған кадр
Ерболат Жанабылов пен Нұрдәулет Бектұрсын көліктің артқы орындықтарын алып тастап, ішіне су толтырған. Кейін Астана көшелерін аралап, желіге видео жариялаған.
Жергілікті полицейлер бұл оқиғаны назардан қалт жібермей, блогерлерді жауапкершілікке тартқан.
«Tank» көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, танымал блогерлерге қанша айыппұл салынғаны белгісіз.