Іnbusiness.kz жазғандай, "Балаларымызға жақсы қарап жатыр" деп сеніп жүрген ата-аналар мына жағдайдан кейін бірден дабыл қақты.
Балаларның балабақшаға баруға қарсылық танытқанын сезген ата-аналар аталған орталық басшының міндетін атқарушысынан видео камереларды тексеріп көруді сұраған. Бүлдіршіндерге қол көтерген әлгі тәрбиешінің дөрекі қылығы бейнежазбада сақталып қалған.
Балалардың ата-аналарының айтуынша, видеода мұғалімнің балаларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны, бір қызды себепсіз арқасынан итеріп жібергені, бір баланы желкесінен итеріп, тағы бір баланың басынан ойыншықпен ұрғанын көруге болады. Сонымен қатар, әйелдің балаларға ұрсып жатқаны анық байқалады.
- 1 шілдеде Павлодар қаласындағы балабақшаның ортаңғы тобының ата-аналары бейнебақылау камераларын қарауды өтініп, басшының міндетін атқарушыға жүгінді. 2024 жылғы 26-27 маусымдағы күндізгі жазбаларды қарау кезінде мұғалімнің дөрекі қарым-қатынас фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта мұғалім жұмыстан босатылды, – деді Павлодар қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралин.
Сондай-ақ, білім бөлімі бұл оқиға туралы ата-аналардың шағымынан кейін ғана білгенін қосты.
- Балабақша директоры демалыста. Білім бөліміне дер кезінде хабар бермегені үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі, – деді Қыдралин.