Фото: tapetus.pl
Болжамға сәйкес елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте және солтүстік-батыста тұман түседі.
Алматының оңтүстігінде, шығысында, Павлодардың орталығында, Ұлытау облысының орталығында, солтүстік-батыста, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында, батыста, Атыраудың шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, батыста, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды облыстарының батысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық сақталады.