Саясат • 04 Шілде, 2024

Тиімді кездесу мен пікір алмасу

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Астана қа­ласы мәсли­хатының төр­аға­сымен және мәсли­хат­тың тұрақты комиссия­ларының төрағаларымен кездесті.

Тиімді кездесу мен пікір алмасу

Бибігүл Жексенбай Сенат депутаты ретінде атқарылған жұ­мыстың нәтижелері және Палата мақұлдаған заңдар туралы айтып берді. Ол сондай-ақ мәслихат депутаттарының осы саладағы маңызды рөліне де тоқталды.

Кездесу барысында елорданың республикалық деңгейде шешуді талап ететін негізгі проблемалық мәселелері талқыланды. Сенатор оларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Жүздесу барысында сондай-ақ жедел медициналық көмек жұмысындағы өзекті мәселелер де көтерілді. Олардың қата­рында шақыру бойынша қыз­мет ететін автомашиналар мен стансалардың және қызмет­керлердің жетіспейтіні, жедел жәрдемге шақырудың көптігі және медициналық көмек көр­сету тарифінің төмендігі де бар. Мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов қаланың әрбір шағын ауданындағы бір ғимаратта орна­ласқан бірыңғай жедел қызмет орталықтарын ашуды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына бірле­сіп бару, сондай-ақ мүлік иелері бір­лестіктерінің мәселелері бойын­ша кездесу өткізу туралы ше­­шім қабылданды. Сонымен қатар Астана қаласының мәслихаты ор­талық деңгейде шешімдерді талап ететін ұсыныстар дайындауды қол­ға алады. Бұл ұсыныстардың бар­лығы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың атына жіберіледі.