Фото: kisi.kz/
Біріншіден, ұйымның өзі біздің посткеңестік аймақтан басталды. 1996 жылы «Шанхай бестігі» құрылды, бұл – КСРО-ның құлдырауын түсіндіре отырып, әлемдегі диалог құралдарын іздеудің нәтижесі. Кейінгі 30 жылдың ішінде бұл халықаралық ұйым жоғары деңгейдегі пікірталас клубынан Еуразия халқының жартысын және экономикалық ресурстардың едәуір бөлігін өз қамқорлығына біріктіретін беделді институтқа айналды. Ұйымның отырыстарында қауіпсіздіктен мәдениетке дейінгі мәселелердің ең үлкен спектрі талқыланады. Бұл жаңа мүшелерді қатарына қосуға мүмкіндік береді. Мұндай ұстаным, әсіресе геосаяси қақтығыстар кезінде маңызды. Себебі бұл бір тарапты анық қабылдауға дайын емес адамдар үшін диалог кеңістігін таңдауға септігін тигізеді. Демек бұл ШЫҰ-ның күн санап кеңейіп келе жатқанын танытады.
Екіншіден, әлемдік қауымдастықтың шартты түрде Батыс емес бөлігі еуро немесе америкалық орталық болмайтын диалог алаңын іздейтіні түсінікті. Қытай мен Үндістанның өсіп келе жатқан экономикалық күші, Ресейдің егемендігі, Орталық Азияның аймақтық қосылған құн тізбегіне интеграциясы – мұның бәрі үлкен Еуразия тұрғысынан проблемаларды талқылау қажеттілігі бар жағдайларды тудырады. Бұл сонымен қатар қауымдастықтағы талқылау алаңының тартымды бола түскенін білдіреді.
Диалог алаңын іздеу тек ШЫҰ-ға қатысты емес. Мәселен, былтыр Оңтүстік Африкада өткен БРИКС-ке де көп көңіл бөлінгенін айту керек. Бұл ұйым да біртіндеп кеңейіп келеді және соңғы саммитте Президент ШЫҰ, БРИКС және БРИКС+ өзара әрекеттесу қажет екенін айтқан болатын. Болашақта ШЫҰ стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау платформасына айналуы мүмкін. Бұл әсіресе орта державалардың даусы толық естілмейтін БҰҰ-дағы проблемалар аясында өте маңызды. Болашақта біз үкіметтер арасындағы ШЫҰ форматындағы диалогті күшейтеміз деп ойлаймын. Өйткені премьер-министрлердің деңгейі нақты шешімдер әзірлеуді көздеп отыр.
Үшіншіден, ШЫҰ әлемдік оқиғалар күнтізбесінде қонақтардың мәртебесі және жалпы олардың кездесу мүмкіндігі тұрғысынан маңызды екені анық. Астанаға Қытай басшысы Си Цзиньпин алдымен Мемлекет басшысымен кездесу үшін келді. Бұдан кейін Ресей Президенті В.Путинмен кездесуі жоспарланған. Түркия Президенті Ердоғанның Путинмен кездесуі туралы да көп айтылды. Осындай маңызды кездесулердің Қазақстанда өтуі әлемнің назарын аударып отыр. Себебі өңірдегі ірі державалар арасындағы қайшылықтардың оң шешімін табуға бағытталған мұндай диалог көптен бері болмаған. Сондай-ақ саммит аясында Орталық Азия елдері көшбасшыларының логистика, тауар айналымы, бірлескен жобалар мәселелері бойынша ірі державалармен ұжымдық диалогі де маңызды.
Саммиттің ресми күн тәртібінен басқа, Астанада экономика және қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық және өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады. Геосаяси шиеленіс аясында диалог үшін мұндай форматтар өте маңызды және инвестициялардың өсуіне, инфрақұрылымдық әлеуеттің артуына, экология, терроризмге қарсы, есірткі трафигінің жолын кесу секілді көптеген саладағы проблемалардың оң шешілуіне таптырмас мүмкіндік тудырады. ШЫҰ форматында көтерілген мәселелер кейінірек БҰҰ, БРИКС, басқа да халықаралық ұйымдардың отырыстарында көрініс табады.
Никита ШАТАЛОВ,
Мәжіліс депутаты