Қазақстан • 04 Шілде, 2024

Қазақстан халқының саны өсті

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңартылған мәліметтер Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны өсті

Фото:azh.kz

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сәйкес 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы өсім 106 072 адамды құрады. Жыл басында елде 20 033 841 халық болған. Құжатқа сәйкес 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

Қала халқының саны - 12 552 583, ауыл халқы - 7 587 331 адам.

Бұл ретте халықтың ең көбі Алматыда тұрады – мұндағы халық саны 2,2 миллион адамды құрайды.

Екінші орында 2,1 миллион тұрғыны бар Түркістан облысы, үшінші орында 1,5 миллион тұрғыны бар Алматы облысы.

Сонымен қатар елордада 1 464 415 адам, Шымкентте 1 236 901 адам тұрады.