Саясат • 05 Шілде, 2024

Бірлескен жұмыс нәтижелі

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Ақмола облысындағы аудандардың тұрғындарымен кездесу барысында өңірлермен бірге жұмыс атқару кезінде жергілікті халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілетінін айтты.

Бірлескен жұмыс нәтижелі

Депутат Бұланды ауданын­дағы ­Қара­өзек ауылында тұр­ғын­дарымен кездесуде Ақ­қайың ауылын­дағы су құбырын күр­делі жөндеу және жаң­ғыртуға қажетті қар­­жы бөлудің ықтимал тетікте­рін талқы­лады.

Бурабай ауданында Нұрлан Бекенов бірқатар маңызды жобаны іске асыру барысымен таныс­ты. Олардың қатарында Щучье қаласында жылу желісін салу, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ Наурызбай батыр ауылындағы су құбы­рының құрылысы да бар.

Нұрлан Бекенов бұл жоба­лардың маңыздылығын атап өте келіп, оларды іске асыру жергілікті халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартатынына сенім білдірді. «Біз сапалы тұрғын үй жағдайы, тұрақты жылумен қамтамасыз ету, таза ауызсуға қол жеткізу адамдарға қаншалықты маңызды екенін білеміз. Өңірлермен бірге жұмыс атқара отырып, біз әрбір тұрғынның ертеңгі күнге деген сенімін ояту үшін бүкіл проблемалық мәселелерді шешуге тырысамыз», деді сенатор.