Фото: elements.envato.com
Telegram-арналарда тараған мәлімет бойынша Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінде екі ер адам жанжалдасып қалған. Ер адам 1995 жылы туған жігітке бірнеше жерінен пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомстводан.