Білім • 05 Шілде, 2024

Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2024 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады

Фото: Informburo.kz

Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар.

«Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады», делінген министрлік хабарламасында.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.