Қоғам • 05 Шілде, 2024

Танымал актриса 7 жылдан бері қарттар үйін паналап жүр

5368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театрында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, зейнетке шыққан Айымторы Тайғаринова пәтер жалдаған жігітке алданып, баспанасыз қалған, деп жазады Egemen.kz.

Танымал актриса 7 жылдан бері қарттар үйін паналап жүр

Фото: видеодан кадр

Айымторы Тайғаринованың жасы қазір 86-да, 7 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді.

«Үйімізді алып қойды. Мен жалғыз өзім далада қалдым. Үйімізде адвокат жігіт пәтер жалдап тұрды. Ол пәтерақы ретінде әр ай сайын 30 мың теңге беріп тұратын. Кейін қағазға 30 мың теңге алып отырғанымды жазуды сұрады. Мен жазып бердім. Кейін пәтерім қолды болды. Ол не жасағанын, қалай жасағанын білмеймін. Ол әлгі үйді сатып алғандай болған ғой», дейді кейуана.

Бұл туралы ол «Qazaq Airan» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.